ЖИТС орталығы медициналық қызметтерінің тізімі
 
-  АИТВ инфекциясына медициналық тексеру ұйымдастыру;
-  АИТВ инфекциясының жағдайларына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу, эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау, АИТВ инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу;
-  Психоәлеуметтік консультация жүргізу;
-  АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу;
-  АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету;
-  АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанғанда және жаңа туған нәрестелерге профилактикалық вирусқа қарсы емдеу өткізу; 
-  АИТВ жұқтырған  ересектер мен балалардағы екінші рет қайталанған, оппортунистік аурулардың химиопрофилактикасын және амбулаториялық жағдайда оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония, герпестік инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) емдеуді қамтамасыз ету;
-  Байланыстан кейін  антиретровирустық профилактикасымен қамтамасыз ету;
-  АИТВ инфекциясын, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарда болатын ауруларды растайтын диагностиканы жүргізу;
-  АИТВ инфекциясымен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу кезінде зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
-  АИТВ инфекциясының таралу, жұғу жолдары және алдын алу, сақтану шаралар жөнінде халыққа ақпарат беру, әртүрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының педагогтарын және оқушылары мен студенттер арасында іс-шаралар ұйымдастыру, санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығару және тарату;
-  медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясын шұғыл диагностикалау, емдеу, алдын алу мәселелеріне оқыту;
-  Құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша АИТВ инфекциясымен және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету.