Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі

     Құрылым 

    Бөлiм қызметінің  басты бағыттары - тұрғындар, әсiресе жастар арасында АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңiнен насихаттау, донорлық қан қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, АИТВ жұқпасына iндеттiк 
қадағалау, мониторинг жүргiзу, мiнез-құлқы қатерлi топ өкiлдерi арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, емдеу-алдын алу ұйымдарына АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету  болып табылады. Сонымен бірге эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi АИТВ-инфекциясына шолушы эпидемиологиялық қадағалау жұмысын ұйымдастырады, талдау жасайды. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің,  ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің  материалдарын  әзірлейді,  үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды. Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық, 1 көшпелі  сенім пункттері жұмыс жасайды. Осы сенім пункттері арқылы жыл сайын 83,9%  инъекциялық есірткі тұтынушылар, 88,8%  жыныстық қатынас қызметкерлері,  18,3%  ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер қабылданып, оларға  шприцтер,  презервативтер, үгіт-насихат материалдары  таратылды.  
    Жалпы мұғалімдер арасында барлығы 631 семинар-тренингтер ұйымдастырылып 80%  адам қамтылды. 
Сенім пунктері арқылы иньекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлер және ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында  557500 шприц, 407369  мүшеқап, 2,0 мың санитарлық-ағарту материалдары таратылды. 

Ұйымдастыру жұмыстары мен эпидемиологиялық қадағалау бөлiмiнiң меңгерушiсi-бірінші
кәсiптiк санаттағы дәрiгер-эпидемиолог
Қарымсақова Дина Смағұлқызы. 
Жұмыс уақыты: 08:00-18:00 
 
Тел: 23-94-54
 

ИФА зертханасы

Облыс бойынша ЖИТС қызметінің зертханалық қызметі 3 зертханаларымен көрсетілген: облыстық ЖИТС орталығының зертханасы және Қазалы, Шиелі филиалдарының зертханалары.

Зертханалардың міндеттері: 

1. АИТВ/ЖИТС ауруларының, гепатит «В» және «С», ЖИТС-индикаторлық аурулардың диагностикасы

2. ШЭҚ жұмысының серологиялық сатысын жүргізу

3. АИТВ-жұқтырған адамдарды ем қабылдау мониторингісі

Зертхана бойынша жүргізілетін зерттеулер:

- Иммуноферменттік тексеру әдісі арқылы АИТВ-инфекциясына антиденелерді анықтау

- Скрининг бойынша оң нәтижелі сынамаларды эксперттік тест-системалар арқылы дәлелдеу жұмыстарын жүргізу

- АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың иммундық статусын анықтау

- Қан сынамаларында «В» вирустық гепатиттің сандық және сапалық  HBsAg антигенің анықтауына тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында «С» вирустық гепатиттің Ig M және Ig G класты иммуноглобулиндерді анықтауына және анти-HCV нәтижелеріне дәлелдеу тестілеу жүргізу 

- Қан сынамаларында  токсоплазмозға M және G класты иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында цитомегаловирусқа M және G класты иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында  қарапайым ұшық вирусына  M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында  Chlamydia trachomatis M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   вирус Эпштейн-Барр  M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   Candida  M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   Ureaplasma urealyticum M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   Gardnerella vaginalis M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   Treponema pallidum M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- Қан сынамаларында   Trichomonas vaginalis M және G класты  иммуноглобулиндерді   анықтауға тестілеу жүргізу

- АИТВ-1 және АИТВ-2 қарсы антиденелрді анықтауға экспресс-тестілеу жүргізу


Зертхана меңгерушісі бірінші біліктілік

санаттағы дәрігер- Асанканова Саулеткүл Елеусизовна

Телефон 23-94-54

 

Емдік-көмек бөлімі:

 

- АИТВ-мен өмір сүрушілерге және ЖИТС-пен ауыратындарға диспансерлік бақылау және ем жүргізу;

- АИТВ-мен өмір сүрушілерге және ЖИТС-пен ауыратын науқастарды антиретровирусты препараттармен қамтамасыз ету;

 ИФА зертханасы- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде нәрестеге алдын алу антиретровирусты ем тағайындау, алдын алу шараларын жүргізу;

- оппортунисті аурулардың (пневмоцияті пневмония және токсоплазмоз) алдын алу мақсатында АИТВмен өмір сүруші ересектер мен балаларға алдын алу емін жүргізу және оппорунисті ауруларды (пневмоцисті пневмония, герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) амбулаториялық жағдайда емдеу;

- АИТВ-ға тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру

- байланыстан кейінгі антиретровирусты емді қолжетімді ету;

- Тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беруді қолжетімді ету;

- АИТВ-мен өмір сүрушілерге және ЖИТС-пен ауыратындарға әлеуметтік және құқықтық сұрақтары бойынша кеңес беру;

- медициналық ұйымдарда және медициналық қызметтегі ведомстваларға әдістемелік-практикалық көмек көрсету, кеңес беру

ИФА зертханасы   

 

Бөлім меңгерушісі - екінші санатты дәрігер Өтегенова Шолпан Жеңісбекқызы

Телефон 23-94-54