Жаңалықтар

21 ақпан 2018 жылы Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қрасы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі аудандық филиалымен «БиС-Фарм»ЖШС-де «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «Салауатты өмір салты - АИТВ-ның алдын алудағы басты шарты»  тақырыбында кездесу ұйымдастырылған.

Облыстық  ЖИТС орталығы  мамандарының ұйымдастыруымен «Жібек жолы» ойын-сауық сауда орталығында орналасқан шағын бизнес құрылымдарының қызметкерлері арасында (Кари дүкені, КФТ, FOX бутиктері ) «АИТВ-ның бизнеске әсері», «АИТВ/ЖИТС  дегеніміз не, жұғу, алдын алу жолдары» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

Облысымыздың ірі бизнес құрылымдарының бірі Шиелі ауданында орналасқан «Сауда Көлік Компаниясы-Шиелі» ЖШС-де «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «АИТВ-ның жұғу жолдары»  тақырыбында кездесу  ұйымдастырылды.

«АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары. АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» тақырыбында облыстық кәсіпкерлер Палатасында шағын бизнес құрылымдарының қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС бойынша 2017 жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.

13 ақпан Шиелі  аудандық амбулаториялық емханасының мәжіліс залында  аудандық емхана дәрігерлері мен АИТВ-ға жауапты мамандар арасында «АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, Республикада, облыс көлемінде таралу ерекшеліктері», «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия зерттеу жүргізу», «АИТВ инфекциясының клиникалық классификациясы, даму сатыларының ерекшеліктері», «АИТВ-ға байланысты ЕПМ-де жүргізілуге тиісті нормативтік медициналық құжаттардың  құжаттар тізбесі» тақырыптарында семинар кеңес ұйымдастырылды.