Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологі Г.Аймағанбетова мен дәрігер-әдіскер Ж.Қыстаубаева және Арал аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Г.Жумагулова Арал аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ/ЖИТС-тың өзекті мәселелері және алдын алу тақырыбында» 2 семинар өткізді.

Семинарға ауылдық емхана, дәрігерлік амбулатория, аурухана, аудандық емхананың медицина қызметкерлері қатысты. Бағдарламада АИТВ-ға қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері, кәсіптік зақымданудың алдын алу шаралары, психоәлеуметтік кеңес беру мәселелері,АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, жұғу және сақтану жолдары, сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ-нің 23.06.2015ж.№508,ҚР ДСМ-нің 18.04.2012ж.№272 бұйрықтары жөнінде ақпарат берілді. Барлығы 161 адам қамтылды.

Даындаған: Балықбаева С