Қазіргі уақытта мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі-халық денсаулығын нығайту. Қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтардың да байқалуы жасырын нәрсе емес. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттердің  пайда болуы куә.

Соның ішінде ең қауіпті де, қатерлісі - ол ЖИТС індеті. Қазіргі  уақытта  көптеген  аурулардың  алдын ала  егілетін  вакциналары  бар, және оларды толық емдеп жазуға мүмкіндіктер  бар.  Ал,   ЖИТС ауруының  қауіптілігі ағзаны вирустан толық тазартатын дәрілердің және алдын ала егетін вакцинаның  табылмауы.  Бұл  дүние  жүзінің  халқын  алаңдатып отырған  жаһандық мәселе. Сондықтан әрбір  адам  осы ауру  туралы  жан-жақты  білсе,  мұндай  дерттің  алдын алуға  болады. Осы орайда «Есірткісіз-болашақ»  облыстық жобасын іске асыру мақсатында  АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары, жұғу жолдары, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы  туралы. 

 

 

 

 

Қызылорда облысындағы жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары арасында  ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Соның бір айғағы ретінде №10 «Білім- инновациялық дарынды балаларға арналған лицей интернатында» өткізілген кездесуді мысал етуге болады.  Аталған іс-шараларға облыстық ЖИТС орталығы, №3 емханадан гинеколог,  салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы қатысты. Іс-шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, оның ішінде қазіргі таңдағы медициналық шеңберден шығып, жаһандық мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу  туралы кең көлемде мағұлмат беру болды. Кездесу барысында ЖИТС орталығының педагогы Н.Смағұлова, АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен  мағұлмат беріп, оқушылар ұстаздар  тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, №3 емхананың гинеколог- дәрігері қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу туралы түсінік берсе, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы жасөспірімдер арасында дұрыс тамақтану жөнінде  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Мұндай кездесулер облыстағы барлық оқу орындарында өз жалғасын тапты.

 

 Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

Қызылорда облыстық  ЖИТС

орталығының педагогы  Смағұлова Нұргүл