Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Ж.Өтегенова,  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологі

Д.С.Қарымсақова және Жаңақорған аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Р.Тотаева Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының  мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ/ЖИТС-тың өзекті мәселелері және алдын алу тақырыбында»  акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен мейірбикелер арасында семинар өткізді. Бағдарламада АИТВ-ға қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері, кәсіптік зақымданудың алдын алу шаралары, психоәлеуметтік кеңес беру мәселелері,АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, жұғу және сақтану жолдары, сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ-нің 23.06.2015ж.№508,ҚР ДСМ-нің 18.04.2012ж.№272 бұйрықтары жөнінде ақпарат берілді.

 

Дайындаған:

эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің меңгерушісі Балықбаева С