2017 жылдың 24-ші сәуірінде облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева Қызылорда облыстық әкімдігі мен облыстық прокуратурамен 2017 жылдың 15-ші наруызында бектіліген «Болашағымыз-есірткісіз» облыстық жобаны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері арасында «АИТВ/ЖИТС-тің және нашақорлықтың алдын алу, осы дерттердің зияндылығы, адам ағзасына әсері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында семинар-сабақтар ұйымдастырды. Семинар барысында АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы презентациялар көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.Қазіргі таңда осы университеттің ұжымымен студеттер арасында «Сіз АИТВ/ЖИТС және нашақорлық туралы не білесіз» тақырыбында  білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу жоспарланып отыр.

 

Дайындаған:

Эпидемиологиялық қадағалау

 бөлімінің меңгерушісі      Салтанат Балықбаева