2017 жылдың 20-шы, 21-ші сәуірінде  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен емдеу-алдын алу ұйымдарының госпиталдық

дәрігер-эпидемиологтары және бас мейірбикелер (СПИД-ке жауапты мейірбикелер) арасында  «АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары. Нормативтік құжаттар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты- медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша  білім деңгейлерін арттыру, жаңа нормативтік құжаттармен таныстыру. Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тің облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ-ң классификациясы, клиникасы, диспансеризациясы, емдеу ерекшеліктері,  22.07.2015ж Республикалық ЖИТС орталығының №39 бұйрығымен бекітілген «Медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша адамдарды тексеруге қолжетімділікті және мамандандырылған қызметтермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету» медициналық ұсынымы бойынша дәрігер-эпидемиолог Д.Қарымсақова, дәрігер-әдіскер Ж.Қыстаубайқызы, Ш.Өтегеновалар баяндамалар жасады. АИТВ-ға тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес беру мәселесіне ЖИТС орталығының дәрігер-психологы Ш.Кенбаева тоқталды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру мәселесі туралы мәлімет берді.

 

Қарымсақова Д.С. – дәрігер-эпидемиолог

 

Дайындаған:

Эпидемиологиялық қадағалау

 бөлімінің меңгерушісі      Салтанат Балықбаева