Шиелі ауданы «Бала би» ауылы № 50 «Абай» атындағы орта мектепте  28 сәуір 2017 жылы оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастару мақсатында акция өткізілді.

Акцияның ашылу сөзін мектеп директоры Х.Әлтай алып, қонақтарды таныстырды. Іс-шара барысында сөз алған ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының  Шиелі аудандық филиалының маманы Б.Парманқұлов  «АИТВ/ЖИТС –деген не?», «АИТВ – қайдан шықты?» деген мәселелерге тоқталып,  республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, бірнеше білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Келесі кезекте Шиелі аудандық жастар денсаулығы  орталығының дәрігері- Л.Аширова: темекі шегу және оның ағзаға келтірер зияны, шығу тарихымен қоса, есірткі, ішімдік, нашақорлықтың негізгі белгілеріне толықтай тоқталып өтті. Білім алушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, тиімді жауап алды. Сөз кезегін алған мектеп аяжаны – Ш.Тұңғышбаева  жасөспірімдер арасында «Жауапты мінез-құлық» тақырыбында шағын дәріс оқып, біршама түсініктер беріп өтті. Мәселен, кез келген адам кейде шалыс басып жаман әдеттерге  беріледі, бірақ кез келген жіберілген қателіктің орнын толтырмақ бар. Әрбір оқушы дер кезінде оз қателігін түзете алса, бұл дегеніміз жауаптылықты сезіну. Немесе маманға мүмкіндігінше тезірек жүгіну керек. Одан әрі мектеп оқушыларының дайындаған тақырыптық көрінісіне жалғасып, сұрақ-жауап алмасу болды. 

Кездесу кеші мектептің мәжіліс залында өткізіліп, зал тақырыпқа сай безендірілді.

 

 

Б.Парманқұлов – эпидемиолог көмекшісі