Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде 2017 жылы сәуір айының айының 25-і күні колледж наркобекет мүшелері, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылғы ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны: «Депрессия: кел, сөйлесейік!» («Depression: Let,s talk!») және «Болашағымыз-есірткісіз» облыстық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Денсаулық – тәуелсіз елдің тірегі» атты  кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешін колледж медбикесі С.Абильдаева жүргізіп, кешке арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтті:

Кешті ашып беру үшін сөз кезегін колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары  жөніндегі орынбасары Б.Дайрақұловқа берді. «Бүгінгі заман талабына қарай оқыту мен тәрбие беру үрдісін тиімді жаңашыл әдіс- тәсілдермен және салауаттану бағытында ұйымдастырылуда. ҚР-сы Президентінің халыққа «Қазақстан -2030» жолдауында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, яғни адам денсаулығын көтеру ең маңызды мәселелердің бірі» деп жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдай жасалуда. Бұл игілікті істің айғағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ортаға құру арқылы мектептерде, арнаулы орта, жоғары оқу орындарында іске асырылуда» - деп өзін жалғастырды.  

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының  Шиелі аудандық филиалының меңгерушісі -  

А. Сәдуақас  АИТВ/ЖИТС –дегеніміз не?, АИТВ – қайдан шықты? Алдын алу сақтану шаралары жайлы мәселелерге тоқталып,  республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, бірнеше білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Келесі кезекте Шиелі аудандық жастар денсаулығы  орталығының дәрігері- Л.Аширова: темекі шегу және оның ағзаға келтірер зияны, шығу тарихымен қоса, есірткі, ішімдік, нашақорлықтың негізгі белгілеріне толықтай тоқталып өтті. Согнымен қатар түрлі сұрақтар қойылып, тиімді жауаптар алды.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі аудандық филиалының эпидемиолог-көмекшісі – Б. Парманқұлов:  «АИТВ-ның берілу жолдары», «ЖИТС және АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында сөз қозғап, өте түсінікті мағлұматтар берді.

Сөз кезегін алған колледж психологы – А.Қоянбаева  жасөспірімдер арасында «Депрессия және суицидтік ойлар» тақырыбында шағын дәріс оқып, біршама түсініктер беріп өтті. Мәселен, кез келген адам кейде мұңға беріледі, бірақ нашар нашар көңіл-күй немесе мұң мен депрессияның арасында айырмашылық бар. Ншар көңіл-күй мен немесе мұң әдетте көңілді жайттар туындаған кезде немесе өзіңе ұнайтын іспен айналысқанда сейіледі. Кез-келген сырқат сияқты, депрессияны емдеуге болады, егер саған өз-өзіңе қол салу туралы ой келсе, онда маманға мүмкіндігінше тезірек жүгіну керек.

Б.Парманкулов – эпидемиолог көмекшісі