Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде

 «Репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау

жөніндегі күшейтілген компонентті енгізу»

бағдарламасы бойынша білім алушылар

арасында өткізілген іс – шара жайлы

 

А н ы қ т а м а

     Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде 2016 жылы қараша айының 22-сі күні Колледж валеологы Ү.Аңламасова мен  аяжан Г.Тобағабылованың ұйымдастыруымен «1желтоқсан - Бүкіл дүние жүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне» орай «Мен АИТВ-ның алдын алуды қолдаймын!» атты  кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешін колледж аяжаны Г.Тобағабылова жүргізіп, кешке арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтті:

1.      Анафия Сәдуақас - Шиелі аудандық СПИД-ке қарсы күрес филиалының меңгерушісі;

2.      Т.Досанов, Б.Парманқұлов - Шиелі аудандық СПИД-ке қарсы күрес филиалының мамандары

3.      Салтанат Қалекеева– Шиелі аудандық жастар денсаулығы орталығының жетекші маманы

     Кеш барысында сөз алған Шиелі аудандық СПИД-ке қарсы күрес филиалының меңгерушісі А. Сәдуақас «АИТВ –деген не?, «АИТВ – қайдан шықты?» деген мәселелерге тоқталып,  республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, бірнеше білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

     Келесі кезекте Шиелі аудандық жастар денсаулығы  орталығының жетекші маманы С.Қалекеева «АИТВ-ның берілу жолдары», «ЖЖБЖ және АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында сөз қозғап, өте түсінікті мағлұматтар берді.

     Сөз кезегін алған колледж валеологы Ү.Аңламасова жасөспірімдер арасында «Ерте жыныстық қатынастарға түсудің салдары» тақырыбында шағын дәріс оқып, біршама түсініктер беріп өтті. Мәселен, жыныстық қатынастарды ерте бастаудың себептеріне тоқталды:

-          Өзін аз жалғыз сезіну немесе танымал болу;

-          Өзін ата-анаға тәуелсіз екенін көрсету;

-          Өзіндік «Менін» жыныстық қатынас арқылы анықтау, себебі, өзін өте сенімсіз сезінеді және осылай өзінің тартымдылығын танытпақшы. Бозбалалар өздерінің ер екендігін, ал қыздар әлемге және өзіне қалаулы екенін дәлелдегісі келеді;

-          Махаббатын сақтап қалу үшін;

-          «Барлығы осыны істейтіндіктен».

     Ерте жыныстық қатынастар адам денсаулығына, ең әуелі репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерлерін қалдырады:

-          Қажетсіз жүктілік (аборт немесе жастайынан ана болу);

-          ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру;

-          Көңілін қалдыру;

-          Жаман атақ және т.б

Кездесу кеші колледждің Акт залында өткізіліп, зал тақырыпқа сай безендірілді.

Колледж валеологы:                                         Ү.Аңламасова