Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі.

Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда әлемнің 115 елінде, 1200 жуық  қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.

Биылғы жылы Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 34-шы рет өткізілмекші. Бұл күнді өткізудің мақсаты АИТВ-мен (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық  қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін  қоғамның  барлық құрылымдарының есіне салу,  біздің  әрқайсымыз АИТВ жұқтырған адамдар үшін не істей алатанымызды ойлану. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. «Кемсіту нөл» ұраны арқылы АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС ауруына шалдыққандарға алалау, кемсіту, «таңба басу» сияқты көзқарасты азайту болып табылады.

ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ-ның ЖИТС індетіне қарсы біріккен бағдарламасы) ақпаратына сүйенсек  жер шарында 35 млн астам АИТВ жұқтырғандар өмір сүреді, оның 20млн ЖИТС індетінен қайтыс болған. АИТВ жұқтырғандардың көбісі 30жасқа дейінгі жастар. Қазіргі таңда әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды  тарта  отырып АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты  жалпы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді АИТВ инфекциясынан сақтандыру және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Өсу үрдісімен осы мерзімге Қызылорда облысында барлығы 138 адам тіркелген,оның ішінде шетел азаматтары-27, (20,3 пайыз), Қазақстан азаматтары 108, оның ішінде облыс тұрғындары 96 (89пайыз), басқа облыстан келгендер 12 (11пайыз), анонимно 4 (3,0 пайыз), аудандар кесімінде Арал 4, Қазалы 8, Қармақшы 2, Жалағаш 1, Сырдария 1, Шиелі 10, Жаңақорған 5, Қызылорда қаласынан 65 (68,3) тіркеліп отыр.Облыста 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 3 адам тіркелсе,2017ж. 1 тоқсанында 5-у тіркеліп 2-уге өсіп отыр.

Жалпы Республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде Шиелі ауданында облыстағы басқа аудандардың арасында жоғарғы көрсеткіш көрсетуі, яғни өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 10 адамның 2-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 4-уі жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 1-уі жүкті әйел, 1-уі 1 жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны, сонымен қатар соңғы бес жылда 6 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай. Осыған орай мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі лауазым иелерінің, жауапты мамандардың аурудың алдын алуда, тұрақтандыруда, ерте анықтауда кәсіби жауапкершілігін арттыруды қажет етеді. Аудан бойынша тіркелген 10-адамның 2-уі қазіргі таңда қайтыс болған.

Квилт

 

КВИЛТ-ті 1987 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Клив Джонс атты азамат өзінің ЖИТС-тан қайтыс болған досына арнап тікті,бұл КВИЛТ-інде ол тек досына деген сүйіспеншілігін ғана емес, әрекетсіз отырған Америка елінің басшылығына өз қарсылығын да білдірді. Бұл бастаманы қаланың басқа тұрғындары да қолдағаны соншалық, КВИЛТ тігетін арнайы орталық ашылды. Бірнеше жылдан соң бұл қозғалыс әлемнің 40 елінде қолдау тапты.

КВИЛТ-әр түрлі тағдырдан хабар береді. Матаға өлгендердің аты-жөні, туған-қайтыс болған күні мен жылы, оларға деген туыстарының сағынышы кестеленіп,тіпті олардың жақсы көретін ойыншықтары мен заттары да қоса тігіледі.

КВИЛТ-АИТВ/ЖИТС мен өмір сүретін адамдарға деген  қоғам мүшелерінің көзқарасын өзгертетін бірден-бір құрал болып табылады.

Қызыл лента

1991 жылы сәуір айында ЖИТС проблемасына қоғам назарын аудару мақсатында СПИД-ке қарсы қозғалыстың мүшесі, суретші  Франк Мур “Қызыл лентаны” алғаш рет ойлап шығарды,оны алғашқылардың бірі болып Визуал АИДС ұйымының мүшелері тақты (суретшілер, өнер адамдары, т.б) Сол жылы Фредди Меркуриді еске алуға арналған концертке оның 70 мың табынушысы кеуделеріне ”Қызыл лента” тағып келді. Сол жылдан бастап “Қызыл лента ”АИТВ/ЖИТС-мен күрес және ЖИТС проблемасын түсіну қажеттігін көтерген адамдардың дауысын біріктірген үміт символы бола бастады. Бұл күндері  “Қызыл лента”;

АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарды алалауға, оларға таңба басуға қарсылық белігісі;

Оларға сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастырудың белгісі;

Жақын уақытта АИТВ/ЖИТС-ның емі табылады деген үміттің белгісі;

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау белгісі

Дүниежүзінде АИТВ жұқтырған  адамдардың ынтымақтастық символы болып табылады

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының

эпидемиолог көмекшісі –

Парманқұлов Балабек Қапанұлы