АИТВ жұқпасының  мекемеде  лагерішілік жұқтырудың  алдын алу мақсатында Тартоғай елді мекеніндегі ЗК 169/4 қоныс колониясында ЖИТС орталығы мамандарымен жеке құрам, арнайы контингент және медицина қызметкерлері арасында семинар сабақтары өткізіліп, медициналық бөлімшеге әдістемелік көмек көрсетілді.

Семинар сабақтың тақырыбы: «АИТВ/ЖИТС проблемасына байланысты өзекті мәселелер, лагерішілік жұқтырудың  алдын алу. Дискриминация және стигма»

Бұндай іс-шаралар барлық пенитенциарлық мекемелерде жыл сайын өткізіліп, ондағы арнайы контингенттің, жеке құрамның 100 пайызы толығымен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша оқыту бағдарламасымен қамтылуда. 

Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне, жеке құрамға  сотталғандарды АИТВ-ға тестілеуге байланысты енгізілген өзгертулер, яғни сотталғандарды босату алдында міндетті түрде АИТВ-ға тексерілу керектігі  туралы түсіндірілді.

Семинар барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша да мағлұмат берілді.

Осындай өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді:

-         Жеке құрам және сотталғандардың АИТВ/ЖИТС жөніндегі ақпараттану деңгейі  70 пайыздан 85 пайызға дейін артты.

-         Лагерішілік жұқтыру орын алған жоқ.

-         Сотталғандардың АИТВ-ға тестілеуден өту көрсеткіші 100 пайызға дейін көтерілді.

-         Жеке құрам мен сотталғандардың дискриминация және стигма мәселесіне байланысты көзқарасы жақсарды.

ЖИТС орталығының мамандары семинарға қатысушылар трапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бұндай іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.

 Қарымсақова Д.С.- Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қрасы күрес жөніндегі орталықтың  дәрігер-эпидемиологы.