Алмастырушы апиындық терапия. Метадон

 

Мамыр айының 12 күні Облыстық наркологиялық орталығының және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Аман-саулық» Қоғамдық Қоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Қазақстанда апиындық тәуелділіктен емдеу және АИТВ инфекциясының алдын алу үшін қолдаушы терапияны масштабтау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.  Ұйымдастырылған іс-шараға медициналық колледж мұғалімдері мен студенттері, құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар, Жастар ресурстық орталығы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті қолдаушы алмастырушы терапиясының тұрақтылығы жөнінде «Жол картасы» (бұдан әрі-Жол картасы) дайындалды.

 

Жол картасының мақсаты, наркологияда қолдаушы алмастырушы терапияның апиындық тәуелділіктен емдеу және АИТВ-инфекциясының алдын алу әдісі ретінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады.

Осыған орай, Қазақстанның қалаларында  «Аман-саулық» Қоғамдық Қоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен елдің қалаларында «Қазақстанда апиындық тәуелділіктен емдеу және АИТВ инфекциясының алдын алу үшін қолдаушы терапияны масштабтау» (бұдан әрі-Жоба)  жобасын іске асыру басталды.     

Алмастырушы апиындық терапия яғни Метадон

Героин орнына иньекциялық есірткі тұтынушыларға (ИЕТ) тағайындалады, емнің бұл түрі дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылады.

Мақсаты-олардың героинды қолдануын тоқтату.

Қолданылуы: сұйық түрінде сиропқа немесе суға араластырылып ішкізіледі, медициналық құралдарсыз.

Метадон жер шарының көп елдерінде қолданылады.

Алмастырушы апиындық терапия қан арқылы таралатын АИТВ/ЖИТС, гепатиттерді болдырмайды.

         Метадоның пайдалы жақтары:

Героинға қарағанда арзан

Героиннен айырмашылығы - оның дозасы тұрақты түрде өсіп отырмайды. Дәрігер науқасқа қолайлы, яғни өзін жақсы сезінетін дозаны нақтылап алып, сол дозамен ақырына дейін емдейді.

Оның іс әркеті 12 сағаттан 24 сағатқа дейін жалғасады.

Алмастырушы апиындық терапия дәрігерлердің бақылауында жүретін болғандықтан есірткінің заңсыз айналымы төмендейді.

ИЕТ арасында АИТВ жұқпасының есірткі тұтыну арқылы таралуы азаяды.

Есірткі тұтынушылар арасында қылмыс жасау құбылысы төмендейді.

ИЕТ-ң денсаулығы, өмір сүру сапасы жақсарады.

Дөңгелек үстел барысында облыстық наркологиялық және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық дәрігерлері қолдаушы алмастырушы терапияның даму перспективалары жөнінде және аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады.