2017 жылдың мамыр айының 19-ы күні аудандық ішкі істер бөлімінде біріккен жоспарға сәйкес СПИД ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне байланысты ішкі істер бөлімінің жеке құрамы арасында іс-шара болып өтті.

Іс-шараның мақсаты АИТВ-ның алдын алу шаралырын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шараның ашылу сөзін ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары - Д.Абуов ашып, қонақтарды таныстырды. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі – А.Сәдуақас АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Бөлім қызметкерлері АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында тақырыптық  парақшалар таратылып қорытындыланды. 

Б.Парманкулов эпидемиолог көмекшісі