2017 жылдың мамыр айының 12-сі күні Шиелі аграрлық-индустриялдық колледжі  мұғалімдері мен  студенттерінің қатысуымен  АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дөңгелек үстел  өткізілді.

 Іс-шараның  ашылу сөзін Шиелі аграрлық-индустриялдық колледжінің директорының орынбасары Б.Дайрақұлов  бастап, атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов   АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалына тоқталып, слайд көрсету арқыл сипаттама жасады.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. Одан әрі колледж аяжаны С.Абильдаева  салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жайлы баяндама жасады. Жастар денсаулық орталығының маманы С.Қалекеева жауапты мінез құлық және зиянды әдеттер туралы баяндама оқыды. Іс-шара одан әрі қарай колледж студенттері дайындаған тақырыптық көрініспен қорытындыланды.

 

Б.Парманкулов эпидемиолог көмекшісі