ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күні

аясында өткізілген акция

Шиелі кенті «Береке базарында» аудан әкімдігі, аудан прокуратурасы, Нұр Отан партиясы ,облыстық денсаулық сақтау басқармасы, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы, Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі аудандық филиалы, БАҚ өкілдері, аудандық жастар денсаулығы орталығы, аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының және аудан тұрғындарының  қатысуымен  салауатты өмір салтын қалыптастыру, сәби өлімін азайту, АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу негізінде акция  өткізілді.

 

          Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сәби өлімін азайту, АИТВ  және ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру болып табылады.

         Акцияның  ашылу сөзін  амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухана» бас дәрігері Я.Шорабаев, аудан прокуроры   бастап, атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып,  сәттілік тіледі. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының мамандары  АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалын мәлімдеп,  алдын алу шараларына тоқталды.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламалар негізінде  аудан әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес көптеген  шаралар атқарылып жатқанын айтты.

         Аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісі А.Маманова жастарды қалыпты мінез қалыптастыруға шақырып, аудандық жастар денсаулығы орталығы маманы С.Қалекеева  салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жайлы радио хабарламамен баяндама жасады. Іс-шара барысында санбюллетендер ілініп, өз статусын білуге ниет білдірген азаматтарға жедел тест әдісімен АИТВ-ға зерттеу ұйымдастырылып, 60 тұрғынға зерттеу жүргізілді,  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылды.

  

Парманкулов Б. эпидемиолог көмекшісі