Жалағаш  АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИаЛДЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРА  

 

2017 жылдың мамыр айының 4-і күні Жалағаш аграрлық-индустриялдық колледжі  мұғалімдерімен  студенттерінің қатысуымен  АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дөңгелек  үстел  өткізілді.

         Іс-шараның  ашылу сөзін Жалағаш  аграрлық-индустриалдық колледжінің директорының орынбасары Ә.Әбдібеков сөз сөйлеп ашты. Ол өз сөзінде қазіргі уақытта АИТВ –ның қоғамға келтіріп жатырған шығынына, оның өсуі осылай кете берсе ел экономикасына әсеріне тоқтала кетті.

Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Жалағаш аудандық саналы –әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Н.Абдраимова  АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалына тоқталып, слайд көрсету арқылы сипаттама жасады.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. Жастар денсаулық орталығының маманы А.Бектаева  адамдардағы жауапты мінез құлық және зиянды әдеттер туралы баяндама оқыды. Іс-шара барысында мамандар мен студенттер өз ойларын ортаға  салып, бөлісті.  

Н.Абдраимова Жалағаш ауданы