2017 жылдың мамыр айының10-ы күні Жалағаш ауданындағы Шекер Ермағамбетова атындағы орта мектептің  үлкен залындаАИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай семинар өткізілді.

 Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Жалағаш аудандық саналы –әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Н.Абдраимова оқушылар мен мұалімдерге  АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалына тоқталып, слайд көрсету арқылы сипаттама жасады, бейнеролик көрсетілді.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты.