Мемлекет байлығы адам және оның денсаулығы. Елдің келешекте кемелденуі де адам денсаулығымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда денсаулық саласының ең бір маңызды мәселесінің бірі АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) болып отыр. Осыған орай АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын насихаттау мақсатында Облыстық Ана мен бала орталығында акушер-гинекологтар арасында «АИТВ-ның анадан балаға берілудің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Бұл ұйымдастырылған іс-шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер лаборанты А.Шегай мен дәрігер тері-венерологы Ә.Исмайлова қатысты.

Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС инфекциясының республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, анадан балаға берілудің алдын алу туралы толық ақпарат берілді.

  

А.Оразалиева ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы