2017 жылдың тамыз айының 18-і күні Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде жеке құрамы мен медқызметкерлерінің қатысуымен  АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында семинар  өткізілді.

Іс-шараның  ашылу сөзін аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Д.Абуов  бастап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы баяндама  жасады. Сонымен қатар  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев  АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы туралы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес ауданымызда ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндап, аталмыш семинар соның бір көрінісі екенін айтты. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, құқық қорғау қызметкерлерінің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.

 Т.Досаев эпидемиолог көмекшісі