«АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және алдын алу шаралары» тақырыбында  өткізілетін байқаудың ережесі

Жалпы ереже: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы  «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және алдын алу шаралары» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында облыстық байқау жариялайды.
Байқауды ұйымдастырушы: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы
Байқауды өткізудегі мақсат
Тұрғындар арасында АИТВ/ЖИТС індетінің таралуының алдын алу
Журналистердің назарын осы мәселеге аудару
БАҚ арқылы АИТВ/ЖИТС-тің жұғу  жолдарын, сақтану шараларын халыққа жеткізу, АИТВ/ЖИТС-тың тіркелуі жөнінде нақты мәліметтер ұсыну.
Мазмұнына қойылатын талаптар: Мақала, теле және радиобағдарламалар тек осы тақырыпты қамтуы тиіс. Аудиторияға түсінікті әрі публицистикалық бағыты болуы қажет. ЖИТС орталығы мамандарымен сұхбат байқауға қатыстырылмайды.
Материалға қойылатын талаптар: Байқауға аналитикалық және публицистикалық материалдар қабылданады. Мерзімді басылым өкілдері «мақала» және «корреспонденция» жанрындағы материалдарын жолдауға болады.
Теле және радиожурналистері эфирден өткен хабарларын жолдауы тиіс.
Байқау 2017 жылдың 15 қыркүйегі мен 25 қараша аралығын қамтиды.
Байқауға осы мерзім аралығында жарық көрген немесе эфирден өткен материалдар қабылданады.
Байқау нәтижесін қорытындылау
Байқау нәтижесі төмендегідей номинациялар  бойынша сараланады:
«Ең үздік мақала»
«Ең үздік телебағдарлама»
«Ең үздік радиобағдарлама»
Байқауға қатысу үшін материалдарды жолдау
Теле және радиожурналистері өз материалдарын аудиотаспа немесе аудио CD, бейнетаспа VHS немесе DVD-ге жазуы тиіс (2 дана).
Байқауға ұсынылатын материалдарды жабық конвертке салып, жеке алып келуі тиіс.
Байқауға ұсынылатын материалдар қайтарылмайды және өңделмейді.
Байқау нәтижесі 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кұрес күні қарсаңында өткізілетін іс-шараларда аталып, жеңімпаздар дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға ұсынылатын материалдарды 2017 жылғы  қыркүйек айының 15 мен 25 қарашаға дейін мына мекен-жайға жолдаңыздар:
Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 52а үй. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, баспасөз хатшысына. Байланыс телефоны: 23-94-54.