Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 8-9-шы  жұлдызында аудан әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы», жастар денсаулығы орталығы, облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалының қатысуымен Шиелі ауданында «Денсаулық Фестивалі-2017» аясында кең ауқымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара жоспары аудан әкімі орынбасарымен бекітілді. 8-ші қыркүйек күні  Шиелі кенті «Көк шоқы» мөлтек ауданында спорт кешенінде «Салауатты рух» ұранымен кең ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық шараға медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден құралған «Ауыл медицинасы», « Жедел жәрдем», «Аудандық емхана», «Аудандық аурухана», «Психиатриялық бөлімше»,  №47, 48 мектеп  командалары қатысты. Іс-шара барысында командалар волейболдан, арқан тартудан және қол күрестен сайысқа түсті.

9-шы қыркүйек күні «Бидайкөл» елді мекенінен М.Шохай көшесі бойымен орталық алаңға дейін марафон өткізілді. Марафонға аудан тұрғындары, медицина қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, студенттер қатысты. Сонымен қатар орталық алаңда акцияға ұласты. Акцияның ашылу сөзін аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыппаров бастады. Т.Жағыппаров өз сөзінде халық денсаулығы басты назарда екенін тілге тиек етті және ауданымызда медицина саласында болып жатқан жетістіктер жайлы мәліметтермен  бөлісті. «Денсаулық Фестивалі -2017»  аясында өткізілген іс-шараға  қатысушы жеңімпаздарды бағалы силықтар мен алғыс хаттармен марапаттады.

Акция барысында тұрғындарға мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетілді, ерікті түрде жедел тест арқылы АИТВ-ға тестілеу  жұмыстары жүргізілді. Одан әрі акция аудандық мәдениет бөлімінің  концерттік бағдарламасы мен жастар ресурстық орталығының еріктілері дайындаған флешмобқа ұласты.

 

Эпидемиолог көмекшісі  Б.Парманқұлов