Он тоғызыншы қыркүйек күні ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында «Зертханалық зерттеу жұмысының преаналитикалық сатысының мәселелері және АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу» тақырыбында егу бөлмелерінің мейірбикелері және қан тасымалдаушылар арасында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, АИТВ инфекциясына қан алу. Тасымалдау ережелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін жетілдіру болып табылады.

Семинарға қатысушалырға эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева АИТВ/ЖИТС-тың Қазақстан Республикасындағы, облыстағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары жөнінде мәлімет беріп, АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары және байланыстан кейін алдын алу тақырыбында толық ақпараттандырды. Сонымен қатар емдік-көмек бөлімінің дәрігер инфекционисті С.Әбиева АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері мен классификациясына тоқталса, М.Ибраева қан алу, сақтау, тасымалдау ережелерін кеңінен мәлімдеді. АИТВ инфекциясының лабораториялық диагностикасы, экспресс тест әдісі де көрсетіліп, түсіндірілді.

  

 

 

 

А.Оразалиева баспасөз хатшысы