ҚР ДСМ-нің, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталықтың, «Медицина қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету» республикалық қоғамдық бірлестігі және Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандарымен бизнес құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері арасында «Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексі, оның ішінде «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, «Туберкулездің бизнеске әсері» көрсеткіштерін жақсарту» тақырыбында 2 семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында осы тақырыптағы презентациялық материалдармен таныстырылып, қатысушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тың және туберкулездің алдын алу бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан адам саны-40.

 Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева