ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен  Қызылорда ішкі істер департаментіне қарасты емхананың медицина қызметкерлері арасында іс-шара өткізілді.

Семинар барысында: АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ-ның жұғу жолдары және кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары, АИТВ инфекциясына жедел тест жасау техникасы, міндеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толығымен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. 

 

А.Садуакас дәрігер-эпидемиолог