ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда ішкі істер басқармасының полиция қызметінің жеке құрамы арасында  АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы семинар сабақ өткізілді.

Семинар барысында: АИТВ инфекциясының республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, осы инфекцияның жұғу жолдарымен қатар сақтану шаралары да түсіндірілді. Ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

А.Садуакас дәрігер-эпидемиолог