2017 жылдың 13 қазан күні «Балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы

мен жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары, 1-2 курс студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында интернетке қосылу арқылы аудандар мен Қызылорда қаласындағы мектептер мен колледждерде арнайы мамандардың қатысуымен он-лайн режимінде лекция-сабақ өткізілді.  

Онлайн режимдегі лекция-сабақты ашқан облыстық білім басқармасының орынбасары Б. Бердаулетов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың зардаптарына және оның алдын алу мақсатында облыстық іс-шара жоспары бекітілгенін атап өтті. Білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер басқармаларының және дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарының қатысумен лекция-сабақтың кездесуінде  балалар мен жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі, оларға психиологиялық көмек көрсету, психобелсенді заттардың адам ағзасына зиянды әсері және қылмыстық істерді тергеу жұмыстарына қатысты ақпараттар берілді. Сондай-ақ, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы, атап айтқанда  бұл аталған ғасыр індеті АИТВ/ЖИТС –бұл адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі және қазір жер шарындағы барлық мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндады.

Іс-шараға қатысушылар мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

 

 

 

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және

оған қарсы күрес жөніндегі орталығының

дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева