1 желтоқсан дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 29 қараша 2017 жылы Ы.Жахаев ауылы № 149 қазақ орта мектебінде мектепішілік акция өткізілді.

Акцияның мақсаты оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру. Іс-шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының манманы Б.Парманқұлов, жастар денсаулығы орталығының социолог маманы С.Қалекеева арнайы шақырылды.

Акцияның ашылу сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Охапова бастап қонақтарды таныстырды, атқарылып жатқан іс-шараның болашақ жастар үшін пайдасын зор екенін айтты. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының манманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің Республикадағы, облыстағы, ауданымыздағы індеттік ахуалына шолу жасап, көптеген қызықты мағұлматтармен бөлісті. Жастар денсаулық орталығының социолог маманы С.Қалекеева салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық қалыптастыру еліміздің дамуының бірден бір жолы екенін айтты. Мектеп аяжаны Г.Қауғанбаева оқушылар арасында психологиялық сұрақ-жауап алмасты. Арнайы проектор арқылы оқушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында сұрақ жауап алмасып, мектеп оқушылары дайындаған флешмобпен қорытындыланды.

Б.Парманқұлов эпидемиолог көмекшісі