Шиелі ауданында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде біріккен жоспарға сәйкес Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында, «Дені сау болуға құқылы» тақырыбында жеке құрам арасында кездесу болып өтті.

Іс-шараның мақсаты АИТВ-ның алдын алу шараларын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шараның ашылу сөзін бөлім басшысы С.Әлімбетов ашып, қонақтарды таныстырды, атқарылып жатқан шараның болашақ жастар үшін пайдасы зор екенін айтып ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы – Т.Досаев АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар бөлім аяжаны А.Карбозова қызметкерлер арасында психологиялық сұрақ-жауаптармен алмасты. Бөлім қызметкерлері АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында тақырыптық парақшалар таратылып, АИТВ-ға өз еріктерімен қан тапсырды, қорытындыланды, қамтылғаны-20 адам.

Т.Досаев эпидемиолог көмекшісі