«АИТВ статусыңды біл!» кампаниясының аясында Жалағаш индустриальды –аграрлы колледж студенттері арасында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 69 студент, 4 оқытушы қатысты. Жалағаш аудандық ЖИТС орталыгының психо-әлеуметтік кабинетінің дәрігері Н.Абдраимова жастарға АИТВ/ЖИТС туралы мағлұмат беріп, ҚР-ғы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды.

Сондай-ақ жастарға АИТВ–ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы айтылды. Әрбір азамат пен азаматшалар Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кабинетіне келіп, қан тапсырып, өз АИТВ статусын анонимді немесе ашық түрде біле алатыны туралы айтылды. Жалағаш аудандық СӘКБ кабинетінің медбикесі А.Талқанбаева жастарға АИТВ/ЖИТС туралы буклеттер мен үнпарақтар таратты. Семинарда АИТВ/ЖИТС туралы видео роликтер көрсетілді.