"АИТВ статусыңды біл!" ұранымен ұйымдастырылған кампанияның аясында Сырдария аудандық №131 мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына байланысты кездесу кеші өткізілді.

АИТВ-ның таралуы жөніндегі негізгі іс-шаралар АИТВ жұқтыру мәселесінде жастар мен жасөспірімдерді қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету болып табылады.

Белгілі бір ерекше мінез-құлықты немесе өмір салтымен ерекшеленетін кейбір тұрғындар тобы АИТВ жұқпасын анағұрлым жоғары қауіпті жұқтыруға тап болуы мүмкін.

АИТВ жұқпасынан вирустың қасиетін, оның берілуі мен алдын алу шараларын біле отырып, өзіңді қорғауға болатындығын толық түсіндіру болып табылады. Сырдария аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері А.Оразбаева инфекцияның алдын алу сақтану шараларын, жұғу жолдарын түсіндіріп өтті.