Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру.

Соның бірі 2018 жылдың 19 желтоқсан күні «Болашақ» атындағы медициналық колледж мұғалімдері мен студенттері «Сақтан, ұрпақ, СПИД деген қатерден!» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен акция өткізілді.  Оған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы қатысып, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.

Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева, АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ статусыңды біл!» тақырыбында видеороликтер көрсетілді, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және

оған қарсы күрес жөніндегі орталығының

дәрігер-эпидемиологы                                                        С. Сарсенбаева