АИТВ-ны  зерделеудің 30 жыл   ішінде  АИТВ-мен  өмір  сүретін адамдардан тұрмыстық байланыс кезінде вирус берілуінің фактісі анықталмағанын   назардан  тыс  қалдыруға болмайды.

Медициналық жабдықтарды дезинфекциялау мен  залалсыздандырудың әмбебап талаптарын дұрыс сақтау және емдеу мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық режим қағидаларын сақтау да  АИТВ-ның пациенттен  пациентке берілуінің болмауына кепілдік береді. Соған қарамастан, АИТВ-мен  өмір  сүретін   адамдарға қатысты бұрынғысынша  таңба  тағу, ал кейде кемсіту орын алуда. Адамдардың басым көпшілігі  қауіп-қатерді өзіндегі сексуалды  мінез-құлықпен байланыстырмайды,  керісінше тұрмыстағы немесе медицина  қызметкерлері ортасындағы кәсіби  жұқтырудың  құбылмалы қауіп-қатерімен  байланыстырады.                                                       


Таңба тағу  мен  кемсіту АИТВ/ЖИТС –ке  байланысты тиімді алдын алуды  және медициналық   күтім  жасауды  жүзеге асырудың жолында елеулі  түрде  бөгет  болып  табылады. ЖИТС-ке немесе  өзінің АИТВ-мәртебесін ашық мойындауына байланысты кемсітуге  ұшыраймын деген  үрей науқас адамдарды емделуден бас тартқызуы мүмкін. АИТВ жұқтырылған не  осыған күдікті адамдарға медициналық-санитариялық қызметтер, тұрғын үй алуына, жұмысқа  тұруына, сақтандырылуына, немесе шет мемлекетке  шығуына кедергі келуі және олардан достары мен әріптестері сырт  айналуы   мүмкін.  Кейбір жағдайда, АИТВ-мен өмір сүрушілер өз отбасынан қуылып, жұбайларынан ажырасу фактілері орын алуда.                                                       

Таңба тағушылық басқа да деңгейде кездеседі.  АИТВ-мен  өмір сүретін адамдар айналасындағылардың өзіне  теріс    көзқарасымен    іштей  келісуі мүмкін.  Көбінесе мұндай үдеріс «іштей  таңба тағу» деп аталады да  өзіне-өзі таңба  тағушылыққа   әкеледі.


АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда ар-ұят сезімі, өзіндік кемістігі оянуы мүмкін. Бұл өзін кінәлауға мәжбүр етеді. Мұның бәрі әлеуметтік оқшаулану сезімімен бірге күйзелістің дамуына, өзінің тұйықталуына,  тіпті өзіне - өзі қол жұмсау ойының туындауына  әкелуі мүмкін.


Таңба тағу қолданылатын жерде кемсітушілік те пайда болады. Кемсітушілік әрекеттілік не әрекетсіздік болады, және ол таңба тағылған адамдарға қарсы бағытталады.


ЖИТС-ке  байланысты кемсітушілік әр түрлі деңгейде, яғни отбасында және қауымдастықта болады. Сондықтан кейбір авторлар мұндай кемсітушілік түрін «тағылған  таңба» деп атайды. АИТВ-мен  өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітудің осындай үлгідегі мысалы әр түрлі болады:


-остракизм, яғни егер  әйелі АИТВ-ға  тестілеуден  оңды  диагноз   алса, немесе  осы аурудың алғашқы белгілері байқалса, ері әйелін үйінен қуып шығуы мүмкін;

 -қоғамнан  оқшаулануы  және күнделікті   тілдесуден  бас   тартуы;

-сөз  жарыстыра  ұрысуы;

-күшпен зорлық  жасауы;

- балағаттауы  және  кінәлауы;

-өсек  таратуы және  дәстүрлі  жерлеу  рәсімдерін  беруден   бас  тартуы.

-институционалдық ұйымдар  деңгейінде де – атап  айтқанда,  жұмыс орындарында,   медициналық  мекемелерде,  түрмелерде,  білім  беру   мекемелерінде және   әлеуметтік   қызметтерде  кемсітушілік болады.

-медициналық  мекемелерде:күтім жасау  стандартын  төмендету,  күтім жасаудан және емдеуден бас тарту, пациенттің келісімінсіз АИТВ-ға   тестілеу өткізу, оның  ата-анасына және  басқа  ұйымдарға пациенттің АИТВ –оңды  мәртебісі  туралы ақпаратты жария ету, медицина персоналының тарапынан адамның  қадір-қаситетін  кемсітетін теріс көзқарас қалыптастыру мен құпиялылықты сақтау қағидасын  бұзу.

-жұмыс орындарында: АИТВ-оңды мәртебесіне байланысты еңбекке  орналастырудан  бас тарту, АИТВ-ға  міндетті  тестілеу, АИТВ-оңды  қызметкерді   зейнеткерлік  схемасынан және  ауруы  бойынша жәрдемақы алатындардың тізімінен шығару.

-мектептерде: АИТВ-дан зардап  шегетін  балаларды  қабылдаудан  бас  тарту,  не  мұғалімдерді  жұмыстан  шығару.

-түрмелерде: АИТВ-оңды  қамақтағыларды мәжбүрлеп  оқшаулау,  ұжымдық  қызметке  жібермеу.

-кемсітушілік  әрекетсіздік салдарынан да  болады, мысалы,  АИТВ-мен  өмір  сүретін адамдардың   құқығын  қағағаттандыру  және  қорғауға   бағытталған  заңдардың болмауынан, немесе   заңдарды,  саясатты  және  рәсімдерді  орындамаудан болады.

Таңбалаумен және кемсітумен күресу үшін қоғамның АИТВ-мен өмір сүрушілерге деген көзқарасын  өзгертуіміз керек және олардың қоғамда  өз орнын табуға көмектесумен қатар үнемі  қолдау  көрсетуіміз  қажет.

 

АИТВ жұқпасымен кез-келген адамның  жұқпалануы мүмкін екендігін  және АИТВ қауіпі бәрімізге бірдей  екенін ешқашанда естен шығармауымыз керек. 

 

 

С.Балықбаева дәрігер эпидемиолог