Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің дәрігері, аудандық агро-техникалық колледжінде 2,3 курс студенттері арасында "АИТВ, Мерез" тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

АИТВ/ЖИТС инфекциясының жұғу жолдары: қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы, қан арқылы (ортақ шприц немесе ине пайдаланғанда), анадан балаға (жүктілік кезінде, босанғанда немесе ана сүтімен қоректендірілгенде). Сақтану шаралары: қазіргі таңда жыныстық қатынас арқылы таралу көптеп кездесуіне байланысты кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, болған күнде де мүшеқап пайдалануды есте сақтау! 

Кездесу барысында жыныстық қатынас арқылы таралатын инфекциялардың сан алуан түрлерімен қатар олардың алдын алу, сақтану шаралары толығымен түсіндірілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Балмаханова А., ПӘК кабинетінің дәрігері