Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің дәрігері А.Балмаханова ДӘУ-50 жол жөндеу мекемесі қызметкерлері арасында "АИТВ/ЖИТС, Мерез (сифилис) ауруларының алдан алу шаралары" тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Жол жөндеу мекемесінің мамандарына жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардың алдын алу, сақтану шараларымен қатар, салауатты өмір салты насихатталды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының республикадағы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуалына тоқталып өтті. Жалпы жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялардың түрі өте көп. Соның ішінде ең қауіптісі осы АИТВ мен Мерез ауруы болып табылады. Кездесу барысында сақтық шаралары, құралдары қатар түсіндірілді. "Сақтансаң сақ боласың" қағидасын тағы да еске салып өтті.

 

Балмаханова А., ПӘК кабинетінің дәрігері