«ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» қызметкерлерінің арасында осы орталықтың мәжіліс залында 2017 жылдың қаңтар айында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес» тақырыбында семинар өткізілді.  
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен шыншылдықты ту еткендігін атақты билеріміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Өз тәуелсіздігімізді алып, бүкіл әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, елдің экономикасы  түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге танылдық. Мемлекетіміздің дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
«ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың» педагог маманы Смағұлова Нұргүл аталмыш іс-шараны ұйымдастырып, жоғарыда айтылған тақырыпта өз тарапынан баяндама жасады. Жемқорлықты өз арамызда болдырмау мақсатында қандай іс-шаралар жүргізу абзал деген сұрақпен әріптестермен пікір алысты.
Смағұлова Нұргүл өз баяндамасында: - Айта өтейік, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді одан әрі дамыту үшін «Бес институционалдық реформа» ұсынған еді. Осы орайда республикалық қоғамдық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Оралбай Әбдікәрімов бағдарламаның ауқымды міндеттері қоғам арасында жөнді түсіндірілмей жатқанын алға тартты. Семинардың қорытындысы бойынша өңірлердегі Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің тиімділігін қамтамасыз ететін ұсыныстар пысықталды.                                        
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» партиялық жобаның да іске асу тетіктері сөз етілді. 
Шара соңында жиналған қауымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді.


ЖИТС орталығының педагогы Н.Смағұлова