Әлем алғашқы рет АИТВ/ЖИТС  туралы  білгеніне 35 жылдан астам уақыт өтседе, ағзаны толық вирустан айықтыратын дәрі-дәрмектер  табылмай отыр. Жылдар өткен сайын індет бүкіл жер шарын жайлап, қала-дала демей, ұлт-ұлысқа бөлмей, кедей-жарлыны таңдамай таралып кетті. Осы уақытқа дейін инфекция жұқтырғандардың саны дүние жүзі бойынша 75 млн.жетті. Біздің республикамызда  26453 болды.  2015 жылдың  9 айында 1761 адам жұқтырса, үстіміздегі жылдың  осы кезеңінде  2038 адам осы инфекцияға шалдығып, өскені байқалады.  2016 жылдың 9 айында  жұқтырғандардың 57,4 пайызы ерлер болса, 42,6 –і әйелдер құрап отыр. 
Сонымен АИТВ/ЖИТС дегеніміз не ?
АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы, адамның бойына түскеннен кейін ұзақ жылдар өмір сүрп, оның қорғаныш жүйесін зақымдайды.Адам өзі вирусты жұқтырғанын да білмей жүре береді , сау адамнан ешқандай айырмашылық  болмайды. Солай жүріп ол келесі адамға жыныстық жолмен ия болмаса қан арқылы жұқтырады. Қанда  вирустың саны артқан сайын,адамның иммунитеті төмендеп, әлсізденіп , инфекциялармен күресуге дәрменсіз болады.
ЖИТС-жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы, АИТВ жұқпасының соңғы сатысы.
АИТВ/ЖИТС қалай жұғады? 
1.    Қан арқылы: АИТВ-мен зақымдалған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлапаларын салғанда. Қан тамырға есірткілерді енгізген кезде бір инені пайдаланғанда. Татуировка мен пирсинг жасаған кезде зарарсыздандырылмаған құралдар пайдаланғанда.

2.    Жыныстық қатынас арқылы
3.    АИТВ жұқтырған анадан балаға: жүктілік,босану және емізу кезінде. 
 АИТВ  жұқтырғанын  қалай  білуге болады ?
Адамның АИТВ-ны жұқтырғанын сыртқы бейнесінен білуге болмайды.Қанды зертханалық тексеру арқылы анықталады. Ағзадағы вирусқа қарсы антиденелердің табылуы  АИТВ жұқпасының бар екенің айтуға болады. 
АИТВ-ны  қалай  алдын-алуға  болады? 
1.    Ерте  анықтау, тестілеу
2.    Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды емдеу.
3.    Жыныстық қатынас  кезінде мүшеқап қолдану.
4.    Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
5.     Медициналық мекемелерде асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң сақтау
6.    Екіқабат  әйелдерді АИТВ-ға  екі реттен тестілеуден өткізу
Әрбір  адам өз денсаулығына, өз жанұя  мүшелеріне, серіктесіне жауапкершілікпен қараса бұл дерттің алдын-алуға толық мүмкіндік бар 

 
А.Оразбаева, Сырдария ауданындағы
психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері