Шиелі кенті аудандық емхананың мәжіліс залында  аудандық білім бөлімі мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының біріккен жоспарына сәйкес аудан көлеміндегі мектеп аяжандары, аудандық  денсаулық сақтау  бөлімінің аға аяжаны, емхана эпидемиологы, білім бөлімінің және жастар денсаулық орталығының мамандары арасында  білім ошақтарында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алудағы жұмыстарды жандандыру, оқушылар мен мұғалімдердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша кеңінен ақпараттануын қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шараларды насихаттау мақсатында семинар  өткізілді.
Іс-шараның  ашылу сөзін аудандық емхананың аға аяжаны Н.Сейілханова бастап, атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қонақтарды таныстырып, сәттілік тіледі. Сонымен қатар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас   АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалына тоқталып, слайд арқылы сипаттама жасады.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. 2016 жылы аудан көлеміндегі мектептерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда  атқарылған жұмыстарға талдау жасалынды. Әрі қарай аудандық жастар денсаулық орталығының  маманы Ұ.Нұрымбетова жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ, мемлекетіміздің жарқын болашағы екенін айтты. Іс-шара соңында семинарға қатысушылар арасында сұрақ-жауап алмасып, қорытындылады.


Парманкулов Б. эпидемиолог көмекшісі