Туберкулез және АИТВ

Эпидемиологиясы.
АИТВ (ВИЧ) жұқпасы жиі тараған аймақтарда туберкулез (ТБ) ВИЧ жұқтырғандарда жиі кездесетін оппортунистік кеселдер қатарына еніп, олардың  өлімінің  басты себебіне айналып отыр. ВИЧ инфекциясы жуықта ғана туберкулез (ТБ) жұқтырған пациентте ТБ-дің белсенді түріне ауысуына себепші фактор. ВИЧ латенттік туберкулёз инфекциясының белсенді дамуына өз үлесін қосады. ВИЧ ТБ-ді жаңадан жұқтыру салдарынан туберкулездің қайталануына жетелейді. АИТВ – жұқпасы фонында ТБ тез жұғады және өте тез дамиды. 
1992 жылы Сан-Францийскоде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ТБ-бен байланыста болған ВИЧ жұқтырғандардың 35%-інде туберкулез 120 күннің ішінде пайда болған.ВИЧ жұқтырғандардың жартысында басқа инфекцияларға қарағанда ТБ 2 жыл бұрын пайда болады. Өте терең иммундық тапшылық кезінде ТБ ВИЧ –жұқтырғандарда өкпенің төменгі бөлігінде орналасады, кеудеішілік лимфабездерінің ұлғаюымен немесе туберкулезді плеврит, перитонит, перикардит, орталық нерв жүйесі және басқа да ағзалар мен жүелердің үдеріске енуі мүмкін. Жұғындының «оң» нәтижелілігі және өкпедегі қуыстар. ВИЧ инфекциясының ерте сатысында– бұл жиі құбылыс. ВИЧ инфекциясының кеш сатысында – ол сирек кездеседі.


ВИЧ- инфекциясы фонында ТБ-ге диагноз қоюдың күрделілігі:
1. Дене қызуының көтерілуі, түнгі терлеуі, және салмақ жоғалту симптомдары туберкулезге тән, бірақ ТБ-ң патогномиялық симптомдары емес. 
2. ВИЧ–жұқтырғандарда бұл симптомдар оппортунистік инфекциялар болмаған жағдайда да кездесе береді. Мұндай симптомдар кездескен жағдайда, біз оппортунистік инфекцияны, оның ішінде 1-ші кезекте ТБ-ді іздеуіміз қажет. 
Дифференциалды диагностиканың бір қиындығы туберкулезге тән рентгенологиялық өзгерістер (өкпеде ыдырау қуыстары түзіледі) басқа да оппортунистических жұқпаларда кездеседі: пневмоцисті пневмония, өкпенің цитомегаловируспен зақымдалуы,  пневмомикоз.ВИЧ инфекциясымен өмір сүрушілердегі өкпеден тыс ТБ-дің жиі кездесетін формалары: шеткі және кеудеішілік лимфа бездерінің қабынуы, плеврит, перикардит, милиарлы ТБ.Қосалқы инфекцияның көбеюіне байланысты ТБ және ВИЧ жұқпалы ауруларының интеграциясы жөнінде ҚР ДСМ-нің 16.11.2009 жылғы №722 бұйрығы бекітілді. 
ВИЧ жұқтырғандардың ТБ ауруын емдеу: ТБ жаңа жағдайын емдеу әрдайым - 1-ші санат, қақырықты зерттеу  және  процестің таралуына байланысты емес. Екінші қайталануын емдеу – IIсанатI категорияда қарқынды фаза 4 айға созылады, II категорияда –  5 ай. Дәрілер таблетка, капсула түрінде беріледі. Созылмалы диареяда препараттың ішекте сіңуі бұзылады да емнің нәтижесіне кері әсер береді, сондықтан препараттарды парентералды түрде енгізу қажет. 
Туберкулездік менингитте қарқынды кезеңінде I терапиялық категориядағы науқастарға стрептомицин тиімді. Қарқынды фазада препараттың дозасы науқастың емді бастамай тұрған кездегі салмағына сәйкес есептеліп беріледі. 
Демеушi фазада науқастың салмағы қайтадан анықталып, қажет болса дозаға түзету жүргізіледі. ВИЧ инфекциясы фонында ТБ-ге глюкокортикоидтарды келесі жағдайларда қолдануға болады: туберкулездік менингит, туберкулездік перикардит, туберкулездік плеврит.Барлық ТБ ауыратын ВИЧ жұқтырғандарға  ТБ емдеу барысында котримоксазол тағайындалады. 
Ересектерге:  2 таблеткадан 480 мг х  1 рет.ВИЧ жұқтырғандарда  котримоксазолды қолдану төмендегі аурулардың алдын алуға ықпал етеді: пневмоцисті пневмония, стрептококктық (пневмококктық) пневмония, токсоплазмоз, сальмонеллез, шигеллез, безгек (малярия).
ВИЧ жұқтырғандарда ТБ химиопрофилактикасы
1. ТБ көп тараған елдерде, ТБ дамуы туберкулез сынамасы «оң» нәтижелі ВИЧ жұқтырғандарда жылына 3,4-10 % құрайды. 
2. Изониазидпен жүргізілген профилактика ТБ ауыру қауіпін  60%-ке төмендетеді. 
3. Изониазид, 1-ші рет зақымдалғанда және эндогенді инфекцияның қайталануында ТБ пайда болуына кедергі тудырады.  Изониазидтің жарты жылдық профилактикалық әсері 2,5 жылдың ішінде тоқтайды.
Изониазидпен химиопрофилактиканы 6 ай шеңберінде 5 мг/кг күніне төменгі жағдайларда жүргізеді: 1. Барлық бірінші анықталған ВИЧ-жұқтырған адамдар туб сынама тестісінің қорытындысына қарамастан жүргізіледі. 
2. Барлық ТБ ауруымен байланыстағы ВИЧ-жұқтырғандарға  туб сынама тестісінің қорытындысына қарамастан химиопрофилактика жүргізіледі. Туберкулезге қарсы  химиопрофилактиканы фтизиатрлар тағайындайды, жүргізілуін ЖИТС (СПИД) орталығы және емдеу-алдын алу мекемелері бақылайды.  

Шеримова Марал
ЖИТС орталығының мейірбикесі