Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған жұмыс жиналысы өтті.
АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау, инфекцияны ерте анықтау, халық арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу, медициналық ұйымдармен өзара байланысты нығайту және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, халықтың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін көтеру, уақтылы тестілеудің маңыздылығын түсіндіру және инфекцияның таралуының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша орталықтың бас дәрігері Л.К.Ахмет атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен басым бағыттарға тоқтап, нақты тапсырмалар берді.
АИТВ инфекциясының алдын алу – тұрақты бақылауды, жүйелі профилактикалық жұмысты және медицина мамандарының бірлескен әрекетін талап ететін маңызды бағыт. Осы ретте орталық мамандарының негізгі мақсаты – инфекцияның алдын алу, оны ерте анықтау және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды тиімді ұйымдастыру.