Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданы филиалында халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, ерікті түрде тестілеуден өту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Филиалдың дәрігер инфекционисті Б.Үбенова азаматтарға АИТВ инфекциясына тексерілу алдында және тестілеуден кейін кеңес беріп, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және өз АИТВ мәртебесін білудің маңыздылығы туралы ақпарат береді. Аяжан Д.Баймұрзаева АИТВ-ға қан алып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіпді. Тестілеу алдындағы кеңес барысында мамандар тексерілудің мақсаты мен маңызын түсіндірсе, тестілеуден кейінгі кеңес нәтижеге байланысты қажетті ақпарат беріп, тиісті ұсыныстар жасайды.
