Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының жұмыс жоспары негізінде «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясына әдістемелік-практикалық көмек көрсетілді. Әдістемелік –практикалық көмек корсету барысында филиал меңгерушісі Ж.Пернебаева жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында БМСК ұйымдарында КМАЖ (КМИС) жүйесінде АХЖ-10 (МКБ-10) кодттарына сәйкес АИТВ-ға тестілеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аяжан Д.Баймұрзаева амбулаторияға келушілер арасында АИТВ мен ЖЖБИ-ның алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіп, тақырыптық парақшалар таратылды.
