Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық көпбейінді орталық аурухананың біріккен іс-шаралары жоспары негізінде, аурухана бөлімшелерінің аға мейірбикелері арасында АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу, қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері тақырыбында семинар өткізілді. Филиал меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ-ның індеттік ахуалы мен кәсіптік жұқтырудың алдын алу, қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
