Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық жастар денсаулық кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп лицейінің оқушылары арасында тренинг өткізілді. Тренингке филиал маманы Б.Парманқұлов,аудандық емхананың венеролог дәрігері Ш.Смаилов, психолог маман Қ.Бердияр, жастар денсаулық кабинетінің мамандары Л.Аширова, С.Қалекеева, Ұ.Нұрымбетова қатысып, АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алу, салауатты өмір салты, жауапты мінез құлық және репродуктивті денсаулық тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында психолог мамандар ұйымдастырған ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылып, тақырыптық парақшалар таратылды.
