Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен іс-шаралар жоспары негізінде Шиелі кентіндегі №252 Г.Н.Ковтунов атындағы орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында филиал маманы Б.Парманқұлов АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп аяжаны А.Байменкеева салауатты өмір салты мен жауапты мінез құлық тақырыбында баяндама жасап, тақырыптық парақшалар таратылды.
