Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық емхананың жастар денсаулық кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен Шиелі кенті №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп оқушылары арасында емхананың жастар денсаулық кабинетінде сұрақ жауап сағаты өткізілді. Іс-шараға облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы мен аудандық емхананың онколог дәрігері, акушер, психолог және жастар денсаулық кабинетінің мамандары қатысып, оқушыларға АИТВ мен ЖЖБИ-дің және қатерлі аурулардың алдын алу, ерте жүктілік, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты мен жауапты мінез құлық тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, тақырыптық парақшалар таратылды.