2026 жылдың 22 қазанында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен облыстық жастар денсаулық орталығы мамандарымен бірлесе Қызылорда болашақ университеті колледжінің білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары, емдеуі мен диагностикасы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясын жедел анықтаудың қазіргі таңдағы зертханалық әдістері үйретілді. Қатысқандар саны-34, тестілеуден өткендер саны-15. Тестілеуден басқа, іс-шараға келушілерге АИТВ-ның алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпараттық материалдар, жадынамалар мен буклеттер ұсынылды. Кездесудің маңызды элементі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға бағытталған ашық диалог болды.
